Жаналықтар
«Бұл әлемде бізді не қоршап жатыр?»
Уәлиханов ауылдық кітапханасы «Бұл әлемде бізді не қоршап жатыр?» тақырыбында экологиялық баяндама жасады. Адам табиғатқа тәуелді, бірақ ол адамға да байланысты. Балаларға табиғат пен жануарлар әлемі туралы энциклопедия ұсынылды. Әңгіменің мақсаты – балаларға табиғатты, жануарларды сүю, құрметтеу қаншалықты маңызды екенін жеткізу. Өйткені, мысалы, үй жануарлары бізді дос болуға және жанашыр болуға үйретеді. Ал біз әңгімемізді сурет арқылы бекіттік.
![]() |
![]() |
![]() |
«Кітап ғажайып әлем» атты кітаптар әлеміне саяхат сағаты өткізілді
Кең ауылдық кітапханасында «Кітап ғажайып әлем» атты кітаптар әлеміне саяхат сағаты өткізілді. Шара барысында кішкентай оқырмандар қызықты кітаптармен таныстырылып, өздері білетін ертегілері жайлы әңгімелеп берді. Мақсаты: жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапты сүюге, құрметтеуге, кітаппен дос болуға баулу.
![]() |
![]() |
Уәлиханов ауылдық кітапханасында «Сыбайлас жемқорлықтың салдары» атты іс-шара өтті.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға кері әсерін тигізетіні туралы сұрақ-жауаптар талқыланды. Бұл қалайша мемлекеттік институттарға деген сенімге нұқсан келтіреді және қылмыстың өсуіне ықпал етеді. Валихановская сельская библиотека провела мероприятие „ Последствие коррупции ". Разговор на чистоту прошёл с нашими юными читателями. Обсуждались вопросы и ответы, как коррупция негативно влияет на общество. Как подрывает доверие к государственным институтам и способствует росту преступности.
![]() |
![]() |
«Міндеттер туралы біліңіздер, құқықтар туралы ұмытпаңыздар»
20-тамызда балалармен және олардың ата-аналарымен қалалық саябақта «Міндеттер туралы біліңіздер, құқықтар туралы ұмытпаңыздар» викторина ойыны өтті. Іс-шара «Жазғы оқу марафоны» жобасы аясында өткізілді. Мақсаты: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында» және «Бала құқықтары туралы Конвенцияда» баяндалған негізгі ережелермен және еркіндіктермен танысу арқылы кітапхана оқырмандарын құқықтық мәдениетке тәрбиелеу. Кітапханашы жиналғандарды адам құқықтары туралы негізгі заңдармен таныстырды. Кітапханашы өмірден алынған жағдайлардан мысалдар келтірді, балаларға өз құқықтарын қалай қорғау керек екенін және қылмыстың құрбаны болмау туралы баяндады. Ойын барысында балалар мен олардың ата-аналары өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін жалпылауға мүмкіндік алды. Соңында кітапханашы «Сенің құқығың» тақырыбына таңдалған кітаптарға шолу жасады.
![]() |
![]() |
![]() |
«Лучи добра» қарттар үйінде болдық
Бүгін аудандық кітапхана қызметкерлері «Лучи добра» қарттар үйінде болды. Кітапты қарттар немесе мүгедектер үйлеріне жеткізу маңызды әлеуметтік рөл атқарады - ол қандай да бір себептермен әдеттегідей кітапханаға бара алмайтындарға мүмкіндік береді. Мерзімді басылымдарға шолу жасалды

Біз бірге жемқорлықты тоқтата аламыз
Далабай ауылының ауылдық кітапханасы кітапшаларды таратуды ұйымдастырды. Олардың арқасында ауыл тұрғындары пара бопсалау бойынша іс-шаралар жоспары, сыбайлас жемқорлықты насихаттағаны үшін қолданылатын жаза түрлері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша сенім телефондары туралы ақпарат ала алды. Сыбайлас жемқорлықты жою дегеніміз – азаматтардың өмірін қорғау және Қазақстанның тұтастығы мен бірлігін сақтау. Біз бірге жемқорлықты тоқтата аламыз



















