Жаналықтар
«Ертегілер жолында» атты сұрақ жауап сайсын өткізді
2024 жылдың 12 шілдесінде Балалар кітапханасының кітапханашысы Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебінің «Капитошка» мектеп жанындағы лагерінде «Ертегілер жолында» атты сұрақ жауап сайсын өткізді. Мақсаты: балаларды ертегілер мен олардың кейіпкерлерін тануға,жанашырлықпен қарауға үйрету; кітап оқу қажеттілігін тәрбиелеу. Іс шараны «Мені түзетіндер» жаттығуымен бастадық; жаттығудан кейін байқауларға кірістік – «Фоторобот», «Ертегілердің кейіпкері мен авторын тап», пантомима «Сөз сіз», «Блиц – сауалнама», «Мюзикл». Іс шараны физминуткамен аяқтадық. Балалар назарына «Жаңа кітаптар әлемінде», «Балалар кітапханасының журналдары» атты көрмелер құрылып, шолу жасалды.
![]() |
![]() |
![]() |
«Жазғы оқу – жарқын оқиға.
Тасты-Талды ауылдық кітапханасы жазғы демалыста балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша жұмысын жалғастыруда «Жазғы оқу – жарқын оқиға.Ертегі саяхаты ұйымдастырылды.Балалар командаларға бірігіп, станцияларға барды. «Ертегі қиындысы» бекетінде ертегілердің атаулары араласып, балалардың атының басы мен соңын байланыстыру міндеті қойылды. «Жоғалғандар мен табылғандар» станциясында әртүрлі ертегілерден жоғалған заттарды табуға тура келді.
![]() |
![]() |
![]() |
«Мен мемлекеттік тілде сөйлеймін» стенді
Нахимов атындағы ауылдық кітапханада «Мен мемлекеттік тілде сөйлеймін» стенді бар. Қазақ тілі – әлемдегі ең бай, ең әдемі тілдердің бірі. Бұл тілде 15 миллионнан астам адам сөйлейді. Стендте тілдің кейбір ерекшеліктері, оның дамуы, әліпбиі мен жазуы, қазіргі қазақ тілінің диалектілері мен айырмашылықтары және т.б. басқа пайдалы және қызықты ақпарат.
![]() |
"Тоғыз құмалақ" ойын балалар арасында өткіздік
Тасөткел ауылдық кітапханасы.Кішкентай оқырмандар үшін "Тоғыз құмалақ" ойын балалар арасында өткіздік.Тоғызқұмалақ қазақсттың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі,ақыл ойыны.Тоғызқұұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады.Ойын басында әр ойыншыға бір қазан тоғыз отауға тоғыз тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
![]() |
![]() |
























