Жаналықтар
Сарбас Ақтаевтың 90 жылдығына әдеби сағат өтті
26 қыркүйек күні журналист және жазушы Сарбас Ақтаевтың 90 жылдығына орай, аудандық кітапхана қаланың орта мектеп оқушыларымен «Сарбас Ақтаевтың шығармашылық жолы» атты әдеби сағат өткізді. Іс - шара барысында оқушылар оның өмірі мен шығармашылығымен танысты. Сарбас Ақтаев журналист, ірі қазақ басылымының жетекшісі ретінде үлкен жолдан өтті. Әдебиеттің дамуына үлкен үлес қосты және ұлы қазақ еліне белгілі тұлғалар қатарында болды.
![]() |
![]() |
Еңбек күніне орай тәрбие сағаты өтті
Таста Талды ауылдық кітапханасында Еңбек күніне орай ойын - тәрбие сағаты өткізілді. Кітапханашы Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күні мерекесінің енгізілуіне тоқталды. Еңбек туралы мақал - мәтелдер сайысына балалар белсене қатысты. «Жұмбақтар» ойыны, онда кітапханашы мамандықтар туралы жұмбақ тақпақтар оқып, балалар дұрыс және нақты жауап берді. Іс - шараның соңында «Мамандық таңдау» позитивті ойыны өткізілді.
![]() |
![]() |
![]() |
«Талқылаймыз»: Ашық есік күні өтті
Еңбек күніне орай әдеби сабақ өткізілді
27 қыркүйекте Н.Островский ат. ОМ 5 - сынып оқушыларымен «Сүйікті кітаптарымызды оқи отырып, мамандық таңдаймыз» - әдеби - шығармашылық сабағы өткізілді.
Сабақ қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күні қарсаңында өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың кәсіптердің әртүрлілігі туралы түсініктерін кеңейту және адам өміріндегі еңбектің рөлі.
Міндеттері: еңбек қызметіне деген қызығушылықты, еңбек адамдарына құрметпен қарауды қалыптастыру.
Іс - шара кітапханашының «Барлық мамандықтар маңызды, Барлық мамандықтар қажет» әңгімесінен тұрды.
Кездесуді «Мамандықтар калейдоскобы» танымдық ойынымен аяқтады.
Ойынға келесі конкурстарда жарысқан үш команда қатысты: «Кәсіби сөздік», «Фактілер», «Мақалдар", «Сипаты бойынша таны», «Кәсіби басқатырғыштар».
Балалардың назарына «Мен кім болcам екен?» атты кітап көрмесі ұсынылды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарттар күні: «Лучи добра» үйіне бару
Қарттар күні - таза да жарқын мереке, ата - әжелеріміздің, мерекесі. Бұл күні қарт адамдар алғыс сөздер мен ең шынайы және жылы құттықтауларды қабылдайды. Аудандық кітапхана қызметкерлері «Лучи добра» қарттар үйіне барып, құрметті қарттарымызды мерекелерімен құттықтады. Оқырмандарымызға бос уақыттарын жақсы өткізу үшін, қарым - қатынастарын жылы жалғастыруы үшін оларға тәтті сыйлықтар сыйлап және жаңа кітаптар апарды. Қарттар күні - таза да жарқын мереке, ата - әжелеріміздің, мерекесі. Бұл күні қарт адамдар алғыс сөздер мен ең шынайы және жылы құттықтауларды қабылдайды. Аудандық кітапхана қызметкерлері «Лучи добра» қарттар үйіне барып, құрметті қарттарымызды мерекелерімен құттықтады. Оқырмандарымызға бос уақыттарын жақсы өткізу үшін, қарым - қатынастарын жылы жалғастыруы үшін оларға тәтті сыйлықтар сыйлап және жаңа кітаптар апарды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Халықаралық қарттар күні: фотокөрме өтті
1 қазан - Халықаралық, қарттар күніне орай аудандык кітапхана қызметкерлері мәдениет үйінде «Карттарым - асыл казынам» атты фотокөрме ұйымдастырды.
Көрмеге ауданымыздың қәдірлі де құрметті ата - әжелеріміз, аға - апаларымыздың суреттері қойылды.
Көрменің мақсаты: жас ұрпақтың бойына халқымыздың қадір - қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата - бабасын ұмытпай есте сақтауға тәрбиелеу.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |





























