Жаналықтар
ертегі топтамаларымен балаларды таныстырды
Бүгін Гастелло ауылының Мәдениет үйінде Гастелло орта мектебінің оқушыларын ауыл кітапханашысы жаңа ертегі топтамаларымен балаларды таныстырып балалардан сұрақ жауап арқылы білетін ертегілерін сұрап мақсаты балалардың сөздік қорын молайту және бос уақыттарын тиімді пайдаланып әдеби кітап оқуға және өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін оқып әрі ертегі әлемінің кейіпкерлерін сомдауға машықтандырып қызығушылықтарын арттыру.
![]() |
![]() |
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған тәрбие сағаты
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған тәрбие сағаты " Не жақсы? Жаман деген не?"Львов ауылдық кітапханасында өтті. Біз ең қауіпті жаман әдеттерді талдадық. Біздің әңгімеміз сөздің мағынасын талқылаумен жалғасты: есірткі, нашақорлық, содан кейін балаларға бұл не екенін, есірткіні қолданудың салдары қандай болатынын, адамда қандай өзгерістер болатынын айтты
![]() |
«Жазғы оқу марафоны» жобасы
Аудандық кітапхананың аланыңда Балалар кітапханасы «Жазғы оқу марафоны» жобасы аясында балалар үшін, ашық аспан астындағы оқырман залында Крупская атындағы орта мектебінің, «»мектеп жаңындағы лагерінің балаларына «Жарқайыңдағы жазғы кітап» атты іс шара өткізді. Жазғы Оқу Залы – саябақта серуендеу кезінде уақытты қызықты және пайдалы өткізу, тамаша мүмкіндік. Жобаның мақсаты: Белсенді оқу әрекетін қалыптастыру, жазғы уақытта балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, кітапханаға тарту. Балалар назарына «Жаңа кітаптар әлемінде»атты кітап көрмесі, «Балалар кітапханасының журналдары»атты көрмесі құрылды, кітап, журналдарға шолу жасалды. Балаларға ойындар, викториналар ұсынылды.
![]() |
![]() |
![]() |
“Сыбайлас жемқорлыққа - жол жоқ!”
Кең ауылдық кітапханасында “Сыбайлас жемқорлыққа - жол жоқ!” атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
![]() |
“Оқуға қуштар мектеп” жобасын іске асыру
Кең аулдық кітапханасында “Оқуға қуштар мектеп” жобасын іске асыру мақсатында жазғы демалыс кезінде “Біз оқимыз, білемыз, суреттеймыз” атты оқырмандармен жұмыс жургізілді іс- шараға оқырмандар қатысты. Мақсаты: оқырмандарды әдеби кітап оқуға қызықтыру, оқырмандардың сөздік қорын кеңейту, бос уақыттарын тиімді пайдалануға бағыттау.
![]() |
![]() |
![]() |
«Солнышко» лагерінің оқушыларына кітапханаға саяхат өтті
Балалар кітапханасында Н.Островский атындағы жалпы орта мектебінің «Солнышко» лагерінің оқушыларына кітапханаға саяхат өтті. Мақсаты: Балаларды жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес жан-жақты дамыту, кітапханамен таныстыру. Кітапханамен таныстыра отырып, кітапхананың Абонемент Залы, Оқу Залы бойынша саяхат жүргізіп, кітапхана ережелерін қайталадық. Іс – шараның соңында «Құшақтау», «Асық», «Жол», «Амреслинг», «Сиқырлы қалпақ» ойындарын ойнадық, сонымен қатар жұмбақтарға жауап беріп және «Ураа!»» айқайлау ойының ойнадық.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |























