Жаналықтар
ауылдың балалары кітапханашымен бірге қызықты ертегілерімен танысты
Жазғы Қарлығаш демалыс лагеріне біздің ауылдың балалары кітапханашымен бірге қызықты ертегілерімен танысты. Осы ертегілер арқылы балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қарым қатынас дағдысын қалыптастыру, адамгершілік және мәдени құндылықтарын бекіту. Балалардың шығармашылық қасиетін дамыту өте маңызды болып саналады. Өсіп келе жатқан ұрпақ тәлім тәрбиесі кітап оқумен байланысты.
![]() |
«Домбыра – қазақ халқының мұрасы» атты музыкалық сағат өтті
Балалар кітапханасының Оқу Залында Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебінің жанындағы «Болашақ» лагерінің оқушыларымен «Домбыра – қазақ халқының мұрасы» атты музыкалық сағат өтті. Мақсаты: Халық дәстүрлері туралы түсініктерін қалыптастыру. Міндеттері: Оқушылардың ұлттық музакалық аспаптарға деген танымдық қызығушылығын, қазақтың халық өнері мен әдет-ғұрпына деген қызығушылығын қалыптастыру. Салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікке, құрметке тәрбиелеу. Кітапханашы халық пен қоғамдық ұлттық мәдениетті сақтау және жаңғырту идеясы жолында біріктіруге арналған мереке туралы айтты. Келесі кезекте балалар ең үлкен өнертастың бірі болып табылатын домбыраның пайда болуымен байланысты тарихы мен аңызымен танысты. Шара барысында балаларға «ұлттың үні – домбыра»» атты кітап көрме ұсынылды. Іс – шара соңында балалар жұмбақтар шешіп, «Иә немесе жоқ», «Домбыраның суретін сал», «Домбыраны бер» ойындарын ойнады.
![]() |
![]() |
" Астанам бас қалам " атты іс шара өтті
Гастелло ауылының Мәдениет үйінде Гастелло орта мектебінің ішінен ашылған жазғы балаларға арналған демалыс лагерінің балаларымен бүгін " Астанам бас қалам " атты іс шара өтті .Елордасы Астана туралы жан - жақты білімдерін жетілдіріп кеңейту сұрақ жауап арқылы.мақсаты : Туған жеріне Отанына деген сүйіспеншіліктерін Астанамызға деген патриоттық мақтаныш сезімін туғызып ,туған жерін сүюге тәрбиелеу .
![]() |
![]() |
«Шуақты қала» сұрақ жауап сайысы өткізілді
2024 жылдың 3 шілдесінде Балалар кітапханасының Оқу Залында Астана күні мерекесі қарсаңында, Н.Островский атындағы орта мектебінің жанындағы «Алтын балалық шақ» лагерінің және А.Үкібаев атындағы орта мектебінің жанындағы «Балдаурен» лагерінің балаларымен «Шуақты қала» сұрақ жауап сайысы өткізілді. Мақсаты: Елорданың тарихи өткенімен таныстыру; Еліміздің көрікті жерлері туралы білімдерін дамыту; Отанға деген сүйіспеншілік тәрбиелеу. Іс – шара Отан туралы – тақпақ – жұмбақтан басталды. Оқушылар екі топқа бөлінді: сұрақ жауап сайысы – он сұрақтан құрылды; «Сөз құрастыр», «Мақалды аяқта», «Қыз қу», «Асық», «Амреслинг», «Мерген» ойындарын ойнаттық. Балалар назарына «Жасай бер, еңселі Елорда!» атты кітап көрме үйымдастырылды . Балалар қарсыластарына тілек айтып, алғыс білдіріп, іс – ашараны аяқтадық.
![]() |
![]() |
"Домбыра – халық даналығы" атты музыкалық панорамасы өтті
Аудандық кітапханада Ұлттық домбыра күніне арналған "Домбыра – халық даналығы" атты музыкалық панорамасы өтті. Мақсаты: Жас оқырмандарға домбыра аспабының тарихымен таныстыру, Ұлттық домбыра күнінің маңыздылығын түсіндіру, Іс-шара шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланған. Бұл іс-шарада қазақ халқының ең кең тараған музыкалық аспаптарының бірі домбыраға, сонымен қатар қазақтың арғы-бергі тарихында домбыра үнімен баяндалатын ақпараттар берілді.
![]() |
![]() |



















