Жаналықтар
Ата Заң күніне орай аудандық кітапханада кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды
Аудандық кітапхана Қазақстан Республикасы Констиуциясы күніне байланысты аудандық Мәдениет үйінде «Ата заңым - Айбыным» атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеде орын алған Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеттілігі мен еліміздің 1993 және 1995 жылғы Конституцияларына басты назар аударылды. Көрмеге барлығы 30 тан аса басылым қойылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады
![]() |
![]() |
![]() |
Далабайда Конституция күнін мерекелеу: құқықтық сағат және заңдар туралы ақпарат
Далабай ауылының кітапханасында Конституция күнін мерекелеу аясында «Конституция – Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының кепілі» атты құқықтық сағат өтті. Оқушыларға еліміздің Негізгі Заңының жасалу тарихы айтылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы әңгімеленді. Балалар көп нәрсені үйреніп, өз Отанының лайықты азаматы болу үшін заңдарды білу, адамдарды бағалап, құрметтеу, туған елін сүю, оның байлығын аялай білу керек екенін түсінді.
![]() |
Львов ауылдық кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық сағат өтті
Львов ауылдық кітапханасының кітапханашысы "Біз сыбайлас жемқорлық пен террорсыз әлем үшін" бейнеролигін тамашалаумен ақпараттық сағат өткізді. Іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерімен танысты, Үкімет оған қарсы күрес бойынша қандай шаралар қабылдап жатқанын білді, осы мәселеге қатысты өз пікірлері мен ұстанымдарын білдірді
![]() |
![]() |
Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді: ақпарат сағаты және ұлттық спорт түрлерін насихаттау
2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Жарысқа әлемнің 100-ден астам елінен 4 мыңға жуық қатысушы қатысады.
3-қыркүйекте қалалық саябақта балаларға және олардың ата-аналарына арналған «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Тарих және қазіргі заман» - ақпарат сағаты өткізілді.
Мақсаты: ұлттық спорт түрлерін, салауатты өмір салтын насихаттау; оқырмандарды алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарымен таныстыру.
Басында кітапханашы Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарының тарихы туралы айтып, бұл Орталық Азияның көшпелі халықтарының халық ойындарына негізделген этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыстар екендігіне баса назар аударды.
Әрі қарай кітапханашы көшпенділердің 5-ші Дүниежүзілік ойындары: спорт, мәдениет және ғылым сияқты үш негізгі бағытты қамтинын айтып өтті. Балалар жарыстың 20 жарыстық және 10 көрнекі спорт түрлері бойынша өтетінін білді.
Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек түрлері бойынша жарыстар, дәстүрлі садақ ату, құспен аң аулаудың ұлттық түрлері, ат жарыстары, халық ойындары, сондай-ақ этникалық спорт түрлері бойынша көрсетілімдер бар.
Балалардың назарына спорттық жетістіктер мен ұлттық ойындар туралы «Ұлы Дала Дүбірі» кітаптарының таңдауы ұсынылды.
Алдағы халықаралық жарыстар бауырлас халықтарымызды мәдени жақындастырудың тағы бір жолсерігі болуға және әлемдегі этникалық спорттың дамуына серпін беруге арналған.
Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары біздің еліміз үшін ауқымды әрі маңызды оқиға болмақ.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Табыс. Мәселе. Перспектива: кітапхананың 2023 жылғы қызметіне шолу және 2024 жылға арналған перспектива" аудандық семинары

Жана кітаптар әлеміне саяхат
Кең ауылдық кітапханасы “Жана кітаптар әлеміне саяхат” атты тақырыпта кітап көрме үйымдастырылып,
1- сынып пен 7 сынып оқушылар аралығында насихаталды

Мақсаты: Оқырмандарды кітапханаға кітап оқуға қызықтыру, кітапқа деген
қызығушылығын артыру, оны таза, уқыпты ұстауға үйрету, кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғыну.




















