Жаналықтар
Кітапхана – кітаптар ордасы
23 мамыр күні аудандык кітапханада Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектеп оқушыларымен «Кітапхана – кітаптар ордасы» атты кітапхана саяхаты өтті.

Кітап- біздің достарымыз
22 мая 2018 г. в Районной библиотеке был проведен цикл мероприятий
«Кітап- біздің достарымыз - Книги- наши друзья»:
с 10-00 до 12-00часов с учащимися 2-9 классов школы им. Н. Крупской, присутствовало 14 человек,
с 14-00 до 16-00 часов с учащимися 2-9 классов школы им. Н. Островского, присутствовало 16 человек.

Чернобыль: ХХ ғасырдың дерті
Аудандық кітапханада «Чернобыль: ХХ ғасырдың дерті» атты естелік кеші өтті. 1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом
электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты.Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз.1986 жылы 26 сәуір Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан небәрі 157 шақырым қашықтықтағы Чернобыль атом электр станциясында адам айтқысыз алапат апат болды.

«Рухани жаңғырған ел болудың өзегі – мемлекеттік тіл»
«Рухани жаңғырған ел болудың өзегі – мемлекеттік тіл»
атты облыстық мәжіліске қатысушы тіл жанашырларының
Ақмола облысы жұртшылығына
ҮНДЕУІ
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.Мемлекеттік тіл өз мәртебесіне сай болуы үшін, қазақ тілі бүгінгі қоғамның әр саласында кеңінен қанат жаюы үшін әр азамат келесі үш міндетті өз мойнына алуы керек.
Кітапханаға кітап сыйла
Жарқайың ауданының ОКЖде «Кітапханаға кітап сыйла» қайырымдылық акциясы жалғасуда. Акцияның негізгі бағыты кітапхана қорын жаңа әдебиеттермен толықтыру, бүкіл дүниежүзілік көркем әдибиеттермен, балалар жазушыларымен, анықтамалар мен энциклопедиялық басылымдармен ,ғылыми көпшілік әдебиетермен оқырманды таныстыру.

Аудан тарихын көріктендірген тұлғалар
Шаруашылық күніне кітапхана қызметкерлері «История района в лицах» атты суретті көрме және «Ас атасы нан» атты жетістіктер көрмесін дайындады. Ауданымызға белсенді еңбек етіп , жетістіктерге жеткен азаматтар аз емес. Кешегі Баранкөл ауданынан басталғаны туралы, сол кездегі бұйрықтар, аудан газетіне шыққан мақалалар, басшылар туралы мәліметтер осы көрмеден ойып орын алған. Сол кездегі ел ағалары: Ақпан Үкібаев, Ідріс Смағұлов, Кәрім Исмаилов, Жармұхан Хасеновтардың еңбектерінің арқасында біз бүгін осы ауданмен мақтанамыз. Көрмеде әр совхоз туралы толық ақпарат берілді. Негізі біздің аудан тың игерілген кезде ашылған. Осы ауданда тұрған Ұлы соғыс ардагерлері, Социалистік Еңбек батырлары,(7адам) Ауданның құрметті азаматтары (22 адам ) туралы көп мағлумат берілді.









