Ақмола облысы Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
0

  

Біржан Салдың 190 жылдығына викторина өтті

Жаналықтар

24 - қазанда Н.Островский ат. ОМ 6 - сынып оқушыларымен «Біржан Сал - әлеуметтік өмір» - викторинасы өткізілді. Іс - шара қазақтың көрнекті ақыны, әншісі, композиторы Біржан сал Қожағұлұлының (1834 - 1897) 190 жылдығына арналды. Мақсаты: қазақтың көрнекті ақыны, әншісі, композиторының өмірімен және шығармашылығымен таныстыру. Эстетизмді, патриотизмді, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу. Алдымен іс - шараға қатысушылар «Құпиялар. Тағдырлар. Есімдер» циклінен ақын туралы бейнефильм қарады. Содан кейін викторина сұрақтарына жауап берді. Балалар үшін «Біржан әні - қазақтың рухы» тақырыбында кітаптарды қарау безендірілді.