26 қыркүйек күні журналист және жазушы Сарбас Ақтаевтың 90 жылдығына орай, аудандық кітапхана қаланың орта мектеп оқушыларымен «Сарбас Ақтаевтың шығармашылық жолы» атты әдеби сағат өткізді. Іс - шара барысында оқушылар оның өмірі мен шығармашылығымен танысты. Сарбас Ақтаев журналист, ірі қазақ басылымының жетекшісі ретінде үлкен жолдан өтті. Әдебиеттің дамуына үлкен үлес қосты және ұлы қазақ еліне белгілі тұлғалар қатарында болды.
![]() |
![]() |











