2024 жылдың 20 маусымында Орталық саябақта «Жазғы марафоны» жобасы бойынша, Балалар кітапханасының кітапханашысы «Бірлік» қоғамдық қорының мүмкіндігі шектеулі балаларымен «Денсаулық күні» атты денсаулық мерекесін өткізді. Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардын денсаулығын нығайтуға және физикалық дамуына қызығушылықтарын дамыту. Іс шара , дене шынықтырумен басталды – олар жаттығулар жасады, жұмбақ сайысы өткізілді. «Эстафета» аялдамасында; «Зигзаг», «Жол», «Жылан» атты сызықтармен жүгірді. «Айболит» аялдамасында не зиянды, не пайдалы туралы сұрақтарға жауап берді. «Білгірлер үйі» аялдамасында денсаулық туралы мақал-мәтелдерді аяктау тапсырмасын орындады, екінші бөлімінде – сөздерден мақал құрастырды. Іс шараны « Өнерлік данғылы» аядамамен аяқтадық, балалар ән айтып, көніл- күйлерін көтеріп «Жаз» суретін асфальтқа салды. Балалар назарына «Денсаулық – байлықтан қымбат» атты кітап көрмесі ұсынылды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |













