Балалар кітапханасының Оқу Залында Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебінің жанындағы «Болашақ» лагерінің оқушыларымен «Домбыра – қазақ халқының мұрасы» атты музыкалық сағат өтті. Мақсаты: Халық дәстүрлері туралы түсініктерін қалыптастыру. Міндеттері: Оқушылардың ұлттық музакалық аспаптарға деген танымдық қызығушылығын, қазақтың халық өнері мен әдет-ғұрпына деген қызығушылығын қалыптастыру. Салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікке, құрметке тәрбиелеу. Кітапханашы халық пен қоғамдық ұлттық мәдениетті сақтау және жаңғырту идеясы жолында біріктіруге арналған мереке туралы айтты. Келесі кезекте балалар ең үлкен өнертастың бірі болып табылатын домбыраның пайда болуымен байланысты тарихы мен аңызымен танысты. Шара барысында балаларға «ұлттың үні – домбыра»» атты кітап көрме ұсынылды. Іс – шара соңында балалар жұмбақтар шешіп, «Иә немесе жоқ», «Домбыраның суретін сал», «Домбыраны бер» ойындарын ойнады.
![]() |
![]() |











