2024 жылдың 3 шілдесінде Балалар кітапханасының Оқу Залында Астана күні мерекесі қарсаңында, Н.Островский атындағы орта мектебінің жанындағы «Алтын балалық шақ» лагерінің және А.Үкібаев атындағы орта мектебінің жанындағы «Балдаурен» лагерінің балаларымен «Шуақты қала» сұрақ жауап сайысы өткізілді. Мақсаты: Елорданың тарихи өткенімен таныстыру; Еліміздің көрікті жерлері туралы білімдерін дамыту; Отанға деген сүйіспеншілік тәрбиелеу. Іс – шара Отан туралы – тақпақ – жұмбақтан басталды. Оқушылар екі топқа бөлінді: сұрақ жауап сайысы – он сұрақтан құрылды; «Сөз құрастыр», «Мақалды аяқта», «Қыз қу», «Асық», «Амреслинг», «Мерген» ойындарын ойнаттық. Балалар назарына «Жасай бер, еңселі Елорда!» атты кітап көрме үйымдастырылды . Балалар қарсыластарына тілек айтып, алғыс білдіріп, іс – ашараны аяқтадық.
![]() |
![]() |











