2024 жылдың 12 шілдесінде Балалар кітапханасының кітапханашысы Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебінің «Капитошка» мектеп жанындағы лагерінде «Ертегілер жолында» атты сұрақ жауап сайсын өткізді. Мақсаты: балаларды ертегілер мен олардың кейіпкерлерін тануға,жанашырлықпен қарауға үйрету; кітап оқу қажеттілігін тәрбиелеу. Іс шараны «Мені түзетіндер» жаттығуымен бастадық; жаттығудан кейін байқауларға кірістік – «Фоторобот», «Ертегілердің кейіпкері мен авторын тап», пантомима «Сөз сіз», «Блиц – сауалнама», «Мюзикл». Іс шараны физминуткамен аяқтадық. Балалар назарына «Жаңа кітаптар әлемінде», «Балалар кітапханасының журналдары» атты көрмелер құрылып, шолу жасалды.
![]() |
![]() |
![]() |












