Ақмола облысы Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
0

  

«Міндеттер туралы біліңіздер, құқықтар туралы ұмытпаңыздар»

Жаналықтар

20-тамызда балалармен және олардың ата-аналарымен қалалық саябақта «Міндеттер туралы біліңіздер, құқықтар туралы ұмытпаңыздар» викторина ойыны өтті. Іс-шара «Жазғы оқу марафоны» жобасы аясында өткізілді. Мақсаты: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында» және «Бала құқықтары туралы Конвенцияда» баяндалған негізгі ережелермен және еркіндіктермен танысу арқылы кітапхана оқырмандарын құқықтық мәдениетке тәрбиелеу. Кітапханашы жиналғандарды адам құқықтары туралы негізгі заңдармен таныстырды. Кітапханашы өмірден алынған жағдайлардан мысалдар келтірді, балаларға өз құқықтарын қалай қорғау керек екенін және қылмыстың құрбаны болмау туралы баяндады. Ойын барысында балалар мен олардың ата-аналары өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін жалпылауға мүмкіндік алды. Соңында кітапханашы «Сенің құқығың» тақырыбына таңдалған кітаптарға шолу жасады.