29-тамызда «АНТРЭ&Радуга» шығармашылықты дамыту студиясының «Актерлік шеберлік» үйірмесінің тәрбиеленушілерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» - тұсаукесері өткізілді.
Мақсаты: өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне теріс көзқарас қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға үйрету, адалдық пен әдептілік сияқты жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін тәрбиелеу. Балалар сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлық түрлері, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен нысандары сияқты ұғымдармен танысты. Іс-шара барысында балалар сұрақтарға жауап берді, жұмбақтар, сөзжұмбақтар шешті, бірнеше сыбайлас жемқорлық жағдайларын қарастырды. Кездесуге қатысушылар үшін «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты балалардың суретітерн қарау көрмесі безендірілді.
![]() |
![]() |
![]() |












