Ақмола облысы Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
0

  

Далабайда Конституция күнін мерекелеу: құқықтық сағат және заңдар туралы ақпарат

Жаналықтар

Далабай ауылының кітапханасында Конституция күнін мерекелеу аясында «Конституция – Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының кепілі» атты құқықтық сағат өтті. Оқушыларға еліміздің Негізгі Заңының жасалу тарихы айтылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы әңгімеленді. Балалар көп нәрсені үйреніп, өз Отанының лайықты азаматы болу үшін заңдарды білу, адамдарды бағалап, құрметтеу, туған елін сүю, оның байлығын аялай білу керек екенін түсінді.