2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Жарысқа әлемнің 100-ден астам елінен 4 мыңға жуық қатысушы қатысады.
3-қыркүйекте қалалық саябақта балаларға және олардың ата-аналарына арналған «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Тарих және қазіргі заман» - ақпарат сағаты өткізілді.
Мақсаты: ұлттық спорт түрлерін, салауатты өмір салтын насихаттау; оқырмандарды алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарымен таныстыру.
Басында кітапханашы Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарының тарихы туралы айтып, бұл Орталық Азияның көшпелі халықтарының халық ойындарына негізделген этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыстар екендігіне баса назар аударды.
Әрі қарай кітапханашы көшпенділердің 5-ші Дүниежүзілік ойындары: спорт, мәдениет және ғылым сияқты үш негізгі бағытты қамтинын айтып өтті. Балалар жарыстың 20 жарыстық және 10 көрнекі спорт түрлері бойынша өтетінін білді.
Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек түрлері бойынша жарыстар, дәстүрлі садақ ату, құспен аң аулаудың ұлттық түрлері, ат жарыстары, халық ойындары, сондай-ақ этникалық спорт түрлері бойынша көрсетілімдер бар.
Балалардың назарына спорттық жетістіктер мен ұлттық ойындар туралы «Ұлы Дала Дүбірі» кітаптарының таңдауы ұсынылды.
Алдағы халықаралық жарыстар бауырлас халықтарымызды мәдени жақындастырудың тағы бір жолсерігі болуға және әлемдегі этникалық спорттың дамуына серпін беруге арналған.
Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары біздің еліміз үшін ауқымды әрі маңызды оқиға болмақ.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |













